«Қалыңдығы ма?»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді сүйіп тұрған суреті жарияланды

Автор: Асыл Арман

Олардың суреті әлеуметтік желіде тарап кетті

Фото: @Nazzeka

Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді сүйіп тұрған суреті әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Суретте Димаштың Назерке есімді аруды құшақтап, сүйіп тұрған сәті көрініс тапқан. Ал оның фонында әншінің күйеу баласы Ермахан Айымханның «Өзің барда» әні қойылған.

Желі қолданушылары бойжеткеннің суретіне қатысты түрлі пікір қалдырды. Біреуі сенсе, енді бірі жасанды интеллектің көмегімен жасалған дейді.

«Бақыт тыныштықты қалайды», «Димаш, шыдамамызды тауыспашы. Егер сен үйленген болсаң, біз қуанып қалар едік», «Бақытты болыңдар», «Қарындасы ғой, көрініп тұр», «Қарындасын артынан құшақтамайтын шығар», «Фотошоппен жасалған ғой», «Жасанды интеллект екені көрініп тұр ғой», «Бір біріне ұқсайды екен», «Қалыңдығы ма?» – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева ұлының қашан үйленетіні туралы сұраққа жауап берген болатын.