Енді оның ісімен грузин құқық қорғау органдары айналысады
Батуми халықаралық әуежайында атышулы «Tinder-дің аферисі» ретінде белгілі Саймон Леваев қолға түсті, деп жазады Azattyq Rýhy.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, Леваев халықаралық іздеуде жүрген.
Израильдік алаяқ Netflix түсірген деректі фильмнен кейін кеңінен танымал болған.
«Tinder-дің аферисі» атты картинада оның құрбандары өз басынан кешкендерін баяндап, Леваевтың өзін бай бизнесмен ретінде көрсетіп, сенімге кіріп, кейін қорқытып-үркіткенін айтқан.
Айта кетейік, 2019 жылы ол Грекияда жалған паспортпен ұсталып, Израильге экстрадицияланған болатын. Енді оның ісімен грузин құқық қорғау органдары айналысады. Леваевтың тағдыры Интерпол арналары арқылы шешіліп, басқа елге берілуі де мүмкін.