«Бөтелке табылған жоқ»: Астанадағы кинотеатр залдағы ыңғайсыз жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Кинотеатр бойжеткенге 2 билет тарту етіпті

Бұған дейін жазғанымыздай, Астанада жігітімен бірге кино көруге барған бойжеткен әлеуметтік жазба қалдырып, дау басталған еді: оның айтуынша, залдың артқы орындығында отырған кішкентай бала оның үстіне дәрет сындырған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Кинотеатрдың мәліметіне сүйенсек, бойжеткен осы оқиға туралы әкімшіге бірден жүгінген. Әкімшілік бірден жігіт пен қыздың орнын ауыстырып беріпті.
«Қызметтік тексеріс барысында бойжеткен шағымданған қатардағы еден мен орындық құрғақ болды, бөтелке табылған жоқ. Қолданыстағы ережелерге сай, полиция шақырған жоқпыз және нақты тәртіп бұзу фактісі расталмай тұрып, билеті бар көрерменді залдан күшпен шығаруға құқығымыз жоқ. Оқиғаға қатысты көрермендерге ауызша ескерту жасалды. Ал бойжеткен құқық қорғау органдарына жүгінген жоқ. Біз онымен байланысып, VIP залына 2 шақырту билетін ұсындық», - деп мәлімдеген кинотеатр әкімшілігі.
Естеріңізге сала кетейік, бойжеткен өз жазбасында баласын бөтелкеге тосқан ата-ананы айыптап, қоғамдық орындағы мәдениеттің төмендігіне шағымданды.