Кішкентай балалар қауіпті жағдайға тап болған
Әлеуметтік желіде блогер Карина Оксукпаеваның отбасында болған оқиға қызу талқылануда. Ол өз парақшасында балалардың аулада көлікпен ойнап жүріп, қауіпті жағдайға тап болған сәтінің бейнежазбасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жазбада блогердің қос ұлы үй ауласында тұрған көлікке отырғаны көрінеді.
Карина ханымның айтуынша, ол сол кезде кіші ұлын бақылап отырғандықтан, үлкенінің көлік кілтін алып кеткенін байқамай қалған.
«Сыртқа шықсам, көлік қозғалып бара жатыр. Елестетіңізші, балам рөлде отыр. Мен жүгіріп барып, көлікті тоқтаттым. Бұл жағдайдан өзіміз үшін қандай сабақ алуымыз керек?» – деп жазды блогер.
Мамандардың пікірінше, мұндай жағдайлар ата-аналар үшін маңызды ескерту болуға тиіс.