Жұрт оған көңіл айтып жатыр
Әлеуметтік желіде «Нұргелді Дракон» атымен танымал блогердің отбасында қайғылы жағдай болды. Танымал блогер өзінің парақшасында анасынан айырылғанын жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол жазбасында: «Бүгін біз Анамыздан ғана емес, өзіміздің бір бөлігімізден айырылдық. Сіз ең керемет Ана болдыңыз. Мәңгі жүрегіміздесіз», – деп жазды.
Желі қолданушылары блогердің жазбасына жылы пікірлер қалдырып, көңіл айтып жатыр:
Нұргелді Дракон – Қазақстанда ғана емес, шетелдік аудиторияға да танымал блогер. Оның әзіл-сықаққа толы бейнероликтері мен әлеуметтік желідегі жазбалары миллиондаған қаралым жинап, кең аудиторияның ықыласына бөленген.