АҚШ-тың технологиядағы иганттары Ақ үйде бас қосқан
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде технология саласындағы ірі компаниялардың жетекшілерімен кездесу өткізді. Алайда тізімде Tesla, SpaceX және X компанияларының басшысы Илон Маск болған жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуге Meta жетекшісі Марк Цукерберг, Apple басшысы Тим Кук, Google (Alphabet) директоры Сундар Пичаи, Microsoft басшысы Сатья Наделла, сондай-ақ OpenAI атқарушы директоры Сэм Альтман қатысты.
Сонымен қатар, іс-шараға IBM басшысы Арвинд Кришна, Code.org президенті Кэмерон Уилсон, Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс, Google негізін қалаушы Сергей Брин, Oracle жетекшісі Сафра Кац, Blue Origin басшысы Дэвид Лимп, Micron CEO Санджай Мехротра, Palantir басшысы Шьям Санкар және Scale AI негізін қалаушы Александр Ван шақырылған.
Илон Маск кезінде Трамптың жақын серіктесі болғанымен, олардың қарым-қатынасы биыл жылдың басында ушығып кеткен.
Маск Трамптың «Үлкен әрі әдемі заң жобасын» «ақымақтық» деп атап, оның мемлекеттік шығындар мен қарызды арттыратынын айтқан.
Кейін ол Трампты Джеффри Эпштейн ісіне қатысты құжаттарды жасыруға тырысты деп айыптады.
Саяси қайшылықтардан кейін Маск Ақ үйдегі жоғары деңгейдегі жиыннан тыс қалды.
Кездесу барысында Трамп компания жетекшілерінен АҚШ экономикасына қанша қаржы құятынын сұрады. Ашық дереккөздерге сүйенсек, ел экономикасына мына компаниялар:
Трамп бұл сомаларға риза болып, кәсіпкерлерге жылы қабақ танытқан көрінеді.