$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 16:30
AR trend

Ресейдің танымал әншісі өмірден өтті

Соңғы жылдары ол шетелде ем қабылдаған

Ресейдің танымал әншісі өмірден өтті
. Фото: facebook.com/Iaroslav2211

Атақты «Фантазёр» әнінің авторы, кеңес және ресейлік әнші Ярослав Евдокимов 78 жасында өмірден өтті. Ол соңғы жылдары ауыр сырқатпен күресіп, Италияда емделген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атақты кеңес және ресейлік әнші, «Фантазёр» әнімен танымал Ярослав Евдокимов 78 жасында дүниеден өтті. SHOT басылымының дерегінше, өнер иесі ұзаққа созылған аурудың салдарынан қайтыс болған. Соңғы жылдары ол шетелде ем қабылдаған.

 «Қымбатты оқырманған алғыс айтамыз. Сіздердің жылы сөздеріңіз бен тілектеріңіз Ярославқа күш-қуат берді. Оның көп әрі әдемі әндері - оның мәнді өмір сүргенін дәлелдеді», – деп жазылған әншінің ресми қауымдастығында.

Ярослав Евдокимов 1980–1990 жылдары танымал эстрада жұлдыздарының бірі болды. Оның репертуарындағы әндер тыңдармандардың жүрегіне жол тауып, кеңестік эстраданың алтын қорына енді.

 

Серіктес жаңалықтары