«Жауапсыз махаббат»: қытайлық бойжеткеннің Димаш Құдайбергенге қараған сәті жұртты елжіретті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Видео әлеуметтік желіде таралып, қазақстандықтар арасында қызу талқыланды

Фото: Видеодан скрин

Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің концерті аяқталған соң желіде қытайлық бойжеткеннің видеосы тарады. Ол әншіге сүйсіне, ерекше сезіммен қарағанын байқауға болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл әсерлі сәт әлеуметтік желіде тез тарап, қазақстандықтар арасында қызу талқыланды.

«Жаным-ау, бұл – жауапсыз махаббат қой», «Жастық шақ қандай әдемі! Ғашықтық қандай ғажап!», «Ол бұл сәтті өмір бойы есінде сақтағысы келеді», – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Еске салайық, Димаш Құдайберген осы жылдың күзінде әлемдік турнесін бастап, жанкүйерлерімен түрлі елдерде жүздеспек.