Димаш Құдайбергеннің концерттегі әрекеті жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Фото: Видеодан скрин

Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің концерттерінің бірінде жасаған әрекеті жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әнші концертінде жұртты суретке түсіріп жүрген кәсіби фотографты сахнадан құлап кетуінің алдын алып, дер кезінде құтқарып қалды. Отандасымыз бұл уақытта ән салып тұрған, фотографты құтқарып қалғаннан кейін де әнін тоқтатпастан ары қарай жалғай жөнелді.

Димаш Құдайбергеннің бұл ісі видеоға түсіп қалып, әлеуметтік желіде жарияланды.

Желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығына таң қалғандарын жасырмай, жарыса жазып, түрлі пікір қалдырды.

«Ол әлемдік деңгейдегі әнші ғана емес, қарапайымдылығы да, адамгершілігі де мол», «Әр көрген сайын мейірімділігіне таң қаламын», «Талантты әрі қарапайымдылық кез келгенге дарымаған», «Жүрегі мейірімге толы азамат», - деп желі қолданушылары жарыса жазды.