Ерке Есмахан декреттік демалысынан кейін алғаш рет сахнаға шықты (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол күйеуі Райымбек Бақтыгереевпен бірге дуэт орындады

Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші Ерке Есмахан декреттік демалыстан кейін алғаш рет сахнаға шыққанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол декреттен кейін Маңғыстау өңіріне келгенін сахнада айтты.

«Үш жыл декретте отырып, ең бірінші Маңғыстау өңіріне өнер көрсетуге келіп тұрмын. Енді жиі-жиі сахнаға шығып тұрамын деген үміттемін. Бүгін тұсауым кесіліп жатыр. Ақ баталарыңызды беріп қойыңыздар», – дейді Ерке Есмахан.

Әнші осыдан кейін сахнаға күйеуі Райымбек Бақтыгереевті (ред. Raim) шақырып, екеуі жұрт алдында дуэт орындады.