Жағдай көпшіліктің қызығушылығын тудырды
Әлеуметтік желіде ерекше видео тарап, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Кадрларда мейрамханада өтіп жатқан қазақтың тойында дастарханға ет әкелініп жатқан сәтте жас жұбайларға фастфуд жеткізу қызметі KFC тағамын беріп жатқан сәт көрсетілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео астына жүздеген пікір қалдырылған. Бірі оны әзіл-қалжыңға балап, достықтың белгісі деп қабылдаса, енді бірі дәстүрлі дастархан мен фастфудты салыстырып, сын айтқан.
«Досың үшін не істемейсің!» – деп жазған видеода.
Роликте мейрамхана қызметкерлері қонақтарға ет тарту үстінде, жас жұбайлардың алдына KFC қораптары жеткізілгені көрінеді. Бұл сәт қонақтарды да күлдіргенге ұқсайды.