$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дженнифер Лопес қазақша орындалған каверді бөлісті

Әнші Мөлдір Байбуринованың орындауы Джей Лоның назарын аударды

Дженнифер Лопес қазақша орындалған каверді бөлісті
Фото: instagram.com/onthejlo

Әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопес Instagram парақшасындағы сторисінде қазақстандық әнші Мөлдір Байбуринованың орындаған каверін бөлісті. Ол Лопестің танымал «Ain’t Your Mama»хитін қазақ тілінде орындаған болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл жаңалық желі қолданушылары арасында ерекше қуанышпен қабылданды. Көпшілік: «Джей Ло репост жасады! Бұл үлкен жетістік», «Керемет дауыс», «Қазақстанды әлемге таныттың»деген пікірлерін жазып қалдырды.

Әлеуметтік желі қолданушыларының реакциясы

Қазақша кавердің әлемдік жұлдыздың парақшасында пайда болуы – тыңдармандар үшін үлкен оқиға.

Әлеуметтік желіде:

  •  «Құтты болсын!»
  • «Лайық бағасын алды»
  • «Тамаша дауыс» сияқты жылы лебіздер легі тоқтаған жоқ.

Мөлдір Байбуринова кім?

Мөлдір Байбуринова – жас қазақстандық әнші, кавер орындаушы. Ол әлеуметтік желі арқылы түрлі хит әндерді қазақ тіліне бейімдеп, тыңдармандарға ұсынып жүр. Музыка жанкүйерлері оның шынайы дауысы мен ерекше мәнеріне жоғары баға береді.

Бұған дейін де Джей Ло қазақстандықтарға назар аударған

Бұл – Дженнифер Лопестің Қазақстан өнеріне алғаш рет назар аударуы емес. Бұған дейін ол қазақстандық суретшінің салған портретін алғанын желіде жариялаған еді.

Серіктес жаңалықтары