$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Өзгеріп кетіпті»: Тұрсынбек Қабатов ел алдына қайта шықты

Ол көптен бері көрінбей кеткен еді

«Өзгеріп кетіпті»: Тұрсынбек Қабатов ел алдына қайта шықты
Фото: instagram.com/tursynbek_kabatov_official

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов біраз уақыт көрінбей кеткен соң, Instagram парақшасында алғаш рет жазба жариялады. Бұл – ел арасында тараған жеке өміріне қатысты қауесеттерден кейінгі алғашқы байланыс, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Күніңіз берекелі болсын»

Әлеуметтік желідегі ресми парақшасында өнер иесі оқырмандарына жылы лебізін жеткізді.

«Ассалаумағалейкум, достар! Бүгінгі күн береке мен жақсылыққа толсын», – деп жазды әзілкеш.

Желі қолданушылары әзілкештің сырт келбеті мен үнсіздігіне назар аударып, түрлі пікір қалдыруда. Кейбірі оны «өзгеріп кеткен» деп сипаттады.

Отбасы туралы сұраққа Қабатов емес, жұбайы жауап берді

Соңғы айларда Тұрсынбек Қабатовтың екінші отбасы бар деген қауесет қоғамда кең тараған еді. Алайда әзілкеш те, жары Мөлдір Мұқан да бұл жайында ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

«Жеке өмірімді, жеке өмір деп қалдырамын, солай шештім. Тұрсекеңе қатысты сұрақты оның өзіне қойыңыздар. Өзінің парақшасы, көмекшілері бар. Мен де күтпедім. Бәрі жақсы», – деді Мөлдір Мұқан «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, ел аузында Тұрсынбек Қабатовтың екінші отбасы бар екені туралы сыбыс таралып кетті. Алайда ерлі-зайыпты ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Серіктес жаңалықтары