«Тақтар таласының» актері әлемдік рекорд орнатты
Ол 505 келі ауыр темірді көтерді

«Тақтар таласы» телехикаясындағы Тау (The Mountain) рөлін сомдаған, танымал исландиялық күш атасы Хафтор Бьёрнссон 505 келі салмақты көтеріп, жаңа тарихи рекорд орнатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл жетістік Германияда өткен Eisenhart Black турнирінде тіркелді.
Турнир барысында Бьёрнссон көтерген салмақ таза және ережеге сай деп танылып, төрешілермен толықтай мақұлданды. Осылайша, ол бұрынғы рекордты ресми түрде жаңартты. Күш сайысы аяқталғаннан кейін Хафтор Бьёрнссон өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын жазды.
«Бұл - мен өмір бойы күткен сәт. Бұл рекорд үшін мен және менің командам жылдар бойы еңбек еттік. Келесі мақсат – 510 келі», - деді ол.
Спортшы келесі рекордтық әрекетін 2025 жылдың қыркүйегінде өтетін әлем чемпионатына жоспарлап отыр.