«Жақсы сәттер көп болды»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі түсініксіз жазба қалдырды

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол сезімін жеткізетін видео жариялаған

Фото: видеодан скриншот

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанованың әлеуметтік желіде қалдырған жазбасы жұртты алаңдатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Не болса да, жақсы сәттер көп болды. Көп рахмет саған. Бәрі шынайы болды.

Бірақ мен бір нәрсені түсіндім. Адал махаббат — сөзбен емес, іспен дәлелденеді. Уәде емес, әрекет. Сезім емес, тұрақтылық», - деп жазды Мөлдір Мұқанова.

Осыған дейін Мөлдір Мұқанова Қайрат Нұртаспен дуэт жазатынын айтты.

Еске салсақ, осыған дейін желіде Тұрсынбек Қабатовтың өзге отбасы бар екені жайлы желіде ақпарат тарады. Алайда тараптар ресми мәлімдеме жасаған жоқ.