Ол бұл жазбасымен ел назарын аударды
Танымал әнші әрі тележүргізуші Аша Матай әлеуметтік желідегі эмоционал жазбасымен ел назарын аударды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Instagram парақшасында Аша Матай ішкі күйзелісін бөлісіп, өмірден шаршаған сәттеріболатынын ашық жазды. Алайда мұндай көңіл-күйден шығуға көмектесетін шағын қуаныштартуралы да айтып өтті.
«Кейде бәрінен шаршап, қашып кеткің келеді, бірақ дәл сол сәтте күннің нұры, жақсы сөз немесе бір күлімсіреу бәрін өзгерте алады. Әлемде әрдайым жарық бар — тек соған көңіл бөлсең жеткілікті. Жақсылықты көре біл — жүрегің де, өмірің де нұрланады», – деп жазды ол.
Аша Матайдың жазбасынан кейін интернет қолданушылары түрлі пікір қалдырды. Көпшілігі әншінің ашықтығына ризашылық білдіріп, жылы сөздерін арнады:
Аша Матай – танымал тележүргізуші, әнші, актриса. Ол ел ішіндегі мәдени іс-шаралар мен тележобаларға белсенді қатысып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген тұлғалардың бірі. Айта кетсек, танымал әнші әрі тележүргізуші Аша Матай әлеуметтік желіде әкесіне арналған бағалы сыйлықты көрсетті. Белгілі болғандай, сағатты оған жездесі Тұрсын Алагөзов пен апасы Баян Алагөзова тарту еткен. Оған дейін Аша Матай жанұясына бар уақытын арнап жүргенін тілге тиек етті. Ал киноларға күйеуінің өтініші бойынша түспей жүргенін айтты. Сонымен қатар ол Instagram желісінде әйел бақытының құпиясы туралы жазды.