Аяғы ауыр Жұлдыз Әбдікәрімова сыймай қалған көйлектерін 600 мың теңгеге сатып жатыр

Автор: Бақыт Шынар

Ол киген киімдерінің суреттерін жаңа парақшаға салға

Фото: @zhuldyzabdukarimovaofficial

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова ескі көйлектерін сатып жатыр, деп жазады Azattyq Rýhy.

Актриса әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеп, оқырмандарының сұрауы бойынша гардеробындағы кимейтін киімдерін сатылымға шығаратынын айтқан.

«Шағын ғана хабарлама айта кетейін. Әсіресе, қыз-келіншектер, мұқият болыңыздар. «Естімей қалдым, білмей қалдым, көрмей қалдым» деп ренжіп жүрмеңіздер. Өйткені, маған «мына киіміңізді сатыңызшы, қашан гардеробыңызды сатасыз» деген көп хат келеді. Дәл қазір жүкті кезімде мен бүкіл киімімді сатылымға шығарып қойдым», - деген ол көп киім-кешегін көрсеткен.

Сатылым үшін жеке парақша ашқан ол киімдері өз бағасынан әлдеқайда арзанға сатылатынын хабарлаған. Актрисаның айтуынша, бұл баға – киімнің өз бағасынан 50-70 пайызға арзан.

Алды 100 мың, қымбаты – 600 мың теңге

Әзірге актриса той-тоймалақ пен жұлдызды кештерге киген көйлектерін сатып жатыр. Бірінің бағасы – 100 мың теңге, арасында 175 мың, 300 мың теңгенің, тіпті қолдан тіккен 600 мың теңгенің көйлектері бар.