Әнші өзінің Instagram парақшасында ерекше әсерін бөлісті
Жазира Байырбекова Жаңаөзен қаласында өткен Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділеттің құдалығына арнайы барған. Әнші өзінің Instagram парақшасында ерекше әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін Сәкен мен Динараның ұлы Әділеттің құдалығындамыз. Жаңаөзен қаласында отырмыз. Ең қызығы, осыдан 20 жыл бұрын осы әулетке Жанболат екеуміз қонаққа келіп, ән айтыппыз. Ол кезде Әдия енді ғана туған, бөпе екен. Өмір қандай?! Міне, достарымыздың келіні болып шықты. Енді құда болып келіп отырмыз»,– деді Жазира Байырбекова.
Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева да «өмірдің тосын сәйкестіктеріне» таңданысын жасырмады.
«Өмірде осындай сәйкестіктер көп болсын. 20 жыл бұрынғы таныстықтың осындай құдалықпен жалғасуы – үлкен тағдырлық байланыс»,– деп жазды ол.
Әлеуметтік желіде бұл жаңалық қызу талқыланып жатыр. Көпшілік: