«Сағындым»: көрінбей кеткен Кәмшат Жолдыбаева жаңалығын айтты (ВИДЕО)
Желі қолданушылары Кәмшаттың жазбасына қуанып жатыр

Тұрмысқа шыққан соң көрінбей кеткен танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева Instagram желісінде ұзақ уақыттан кейін алғаш рет жазба жариялады. Ол оқырмандарына сағынышын білдіріп, жақында жаңа жоба ұсынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Нағыз өмір – экранның сыртында»
Кәмшат Жолдыбаева Instagram-дағы жаңа жазбасында жанкүйерлерімен тілдесіп, желіге сирек шығатындарға қызығатынын жазды.
«Қайырлы кеш! Инстаграмдағы көптен бергі бір көрінуім әдемі болсын деп, үстіме көйлек киіп жүріп өттім… Инстаграмға аз шығатындарға қызығамын. Нағыз өмір экранның бер жағында ғой. Дегенмен сіздермен хәл алысып тұрған да жақсы. Жақында сіздерге бір өнім ұсынбақпын, Аллаһ қаласа. Қандай өнім екенін жазыңыздар. Сіздерді өте сағындым!»– деді әнші.
Желі қолданушылары Кәмшаттың жазбасына қуанды
Көпшілік өнер иесінің қайта шыққанына риза болып, жылы пікірлер қалдырды:
- «Құдай-ау, шықты-ау әйтеуір. Сағынған адам баршылық екен»
- «Кәмшатты көріп, қуанып қалдық»
- «Жиі шығып тұрыңызшы желіге»
Жаңа өнім
Кәмшат жақын арада тың жобасын ұсынатынын айтқанымен, нақты не туралы екенін ашып айтпады. Дегенмен бұл мәлімдеме оқырмандар арасында қызығушылық тудырып отыр. Желі қолданушылары өз болжамдарын жаза бастады.
Контекст
Әнші Кәмшат Жолдыбаеваның күйеуі, актер Ғазірет Қажымұқанұлына қатысты жұрт білмейтін сыбыс тараған еді. «Кәмшаттың күшті клиптерін ютубтан алғызып тастап, үйге отырғызып қойды. Өзі қызбен танысып отыр ғой» деп жазған еді желі қолданушылары. Сонымен қатар танымал тележүргізуші Анна Данченко Instagram парақшасында әнші Кәмшат Жолдыбаева туралы жұрт білмейтін шындықты айтты, яғни, оның ата-енесімен тұратынын, ана атанғанын растады. Оған дейін желі қолданушылары өнер иесінің босанып, ана атанғаны туралы жарыса жарыса жазған еді. Сондай-ақ Кәмшат Жолдыбаеваның сахнадан көрінбей кеткеніне көпшілік алаңдаушылығын білдірген болатын.