Роза Рымбаеваның кіші ұлы жаңа әнін алдымен анасына тыңдатып, «батасын» алды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Мади Рымбаев желідегі парақшасында жаңа әнін анасына тыңдатып, туындысына баға сұрайды

Фото: Видеодан скрин

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның кіші ұлы Мади Рымбаев анасына жаңа әнін тыңдатып, «ақ батасын» алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мади Рымбаев желідегі парақшасында жаңа әнін анасына тыңдатып, туындысына баға сұрайды.

«Әніңнің қайырмасы әдемі екен. 10 балдан 9 қоямын», - дейді Роза Рымбаева.

Желі қолданушылары әншінің видеосына қатысты түрлі пікір білдірді.

«Балалары күшті, тәрбиелі екен», «Мадидің дауысы, келбеті, стилі, тәрбиесі керемет», «Роза Қуанышқызы екі ұлын керемет етіп тәрбиелеп өсірді», «Әкесінің көзін көргенбіз. Бағың жансын, бауырым», «Әли мен Мади мықты жігіттер. Анасы жақсы тәрбиелеген», - деп жазды желі қолданушылары.