Жастардың биі желіде таралып кетті
Тойлардың бірінде үнді стилінде билеген қыз бен жігіт жұртты таң қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоға назар аударсақ, ортаға шыққан жастар алдымен батыстың әніне билесе, артынша үнді әніне жалғасады.
Жастардың биі желі қолданушыларын бір бөлігін таң қалдырса, енді бір бөлігі сынға алды.
«Жастар ортасында жақсы екен», «Құдай сақтасын», «Ұят екен», «Үнді қызы шортикпен шықпаған шығар», «Осыны қой деп шектеу қойса қайтеді», «Сырт көзге ерсі көрінеді екен», «Болливудтың өзі қызығып қалды ғой», «Қуып кетті», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін тойда тым ерсі билеген жастар сынға қалғаны хабарланған болатын.