Димаштың мексикалық жанкүйерін сүйген сәті желіде қызу талқыға түсті

Автор: Алмас Ерсін

Концерт кезінде көрермен қыз әншіні «Bésame mucho» әнін орындап жатқан сәтте сүйіп алған

видеодан скрин

Әлеуметтік желілерде Мехикодағы концерт кезінде жанкүйерінің Димаш Құдайбергенді сүйіп алған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көрермен қыз әнші «Bésame mucho» әнін орындап жатқанда оны сүйіп алған.

«Димаштың орындауындағы бұл әннің өзіндік тарихы бар. Алайда «Bésame mucho» әнінің мұндай жалғасын бұрын көрмеген едік. Көрермендердің бірі әндегі «Мені қайта-қайта сүй» деген сөзді іс жүзінде орындап жіберді. Мексикалық жанкүйерлердің мінезі де ерекше екен», – деп жазды желі қолданушыларының бірі. 

Видео әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Қолданушылар Димаштан мұндай әрекетті күтпегенін жазып, әзілмен әншіні елге қайтуға шақырған.