Дариға Бадықова өткен өмірі жайлы да айтып өтті
Танымал актриса, продюсер Дариға Бадықова алдына үлкен жоспарлар қойып отырғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазіргі күйім ұнайды. Оны жаңа бағыт, жаңа өсу, жаңа өмір деп білемін. Бұрын не істесем екен, қалай жүрсем, қалай ақша тапсам, айналама қалай көмектессем, не кисем екен деген ой көп болды. Өйткені барлық ауыртпашылықты өзіме жүктеп алдым. Біреу айтады, әйел адам өзіне ешнәрсе жүктемеуі керек дейді. Сонда жаман өмір сүруім керек пе? Кімге ерегесемін? Одан не шығады? Жақсы өмірге ұмтылдым», – дейді Дариға Бадықова.
Ол өз сөзінде алдында үлкен жоспар бар екенін, ал өткен өміріне қайта оралғысы келмейтінін айтып өтті.
«Жақсы кинолар түсіргім келді. Әлі де түсіргім келеді. Голливудты бағындырғым келеді. Екі ел арасынан жақсы бір серіктестер тауып, бірнәрселер жасағым келеді. Арманым көп. Сол ойлардан кейін қалай алға талпынбаймын? Ал бұрынғы өмірім өзім ұнамайтын еді. Ол өмірді ұнатпаймын. Алғыс айтамын. Ол өткенімді ұмытып кету емес. Бірақ өткеніме оралғым келмейді. Ол кезде жалтақтаған, қалай ет, нан аламын деп жүрген едім», – дейді актриса.
Айта кетейік, осыған дейін ол жуырда ғана некелескен жары Олжас Абай жайлы айтқаны хабарланған.