Әншінің туған күніне орай танымал жұлдыздар мен желі қолданушылары түрлі лебізін білдірді
Танымал әнші Алтынай Жорабаева 48 жасқа толған туған күнінде жақындары өзіне қандай сыйлықтар жасағанын көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол туған күні қарсаңында отбасымен бірге және бір құшақ гүл мен өзге де сыйлықтарын көрсеткен фотосын жариялады.
«Қош келдің, 48 жасым. Аллаға сансыз мақтаулар мен мадақтар. Маған тілеген тілектеріңіз, өздеріңізге еселеп қайтсын. Алла қосқан қосағыма, қыздарыма мың алғыс. Сендерді шексіз жақсы көремін», – деп жазды әнші желідегі парақшасында.
Әншінің туған күніне орай танымал жұлдыздар мен желі қолданушылары түрлі лебізін білдірді.
«Айдай жарқыраған Алтынай, жаңа жасыңыз құтты болсын!», «Бақытты бол! Сарышаяндар бақытты болсын! Жүз жаса!», «Бақытың еселенсін құрбым!», – деп жазды желі қолданушылары.