«Бүгінге дейін 20 үй алатын ақшам болған шығар»: танымал актер мүшкіл жағдайын еске түсіріп, жылап қалған (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Ол өз сөзінде бүгінге дейін ондаған үй алуға болатын ақшасы болғанмен, қазір баспана жалдап тұрып жүргенін айтты

Фото: Видеодан скрин

Танымал актер Рамазан Амантай тележүргізуші Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында мүшкіл жағдайы туралы айтып, сыр шертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол өз сөзінде бүгінге дейін ондаған үй алуға болатын ақшасы болғанмен, қазір баспана жалдап тұрып жүргенін айтты.

«Қазір пәтер жалдап тұрамын. Бірнеше ай оның ақысын төлей алмай қалған кезім болған. Осы күнге дейін 20 үй алатын ақшам болған шығар. Бірақ ақылым болмапты. Оның бәрінде қасымдағы әйелім айтпайды емес, айтады. Бірақ мен бой бермеймін. Ақшаны үйде әйелім ұстайды деп ойлайтын шығар. Бірақ мен өзім ұстаймын. Оған қандай жағдай болса да бермеймін. Ақшаның бәрі өзімде болады. Соны сыртқа апарып шашамын. Сол ақымақ істеріме куә болғандар бар. Осының бәрін есіме түсіріп, жылап жібердім», – дейді Рамазан Амантай.

Оның бұл сөзі желі қолданушылары тарапынан сынға ұшырап, түрлі пікір қалдырды.

«Әйелге ақша бермеген еркек кедейленеді», «Саған шыдап жүрген әйеліңді аяп кеттім ғой», «Киноға касса жинау үшін бейшара болу тренд болып кетті ғой», «Әйеліңе бергеніңде хан сарайында тұратын едің ғой», «Жетісіпсің, тапқан таянғаныңды ішіп жеп жүре бер», «Семья болған соң әйеліңмен ақылдасу керек. Шашып жүргенде саған жаныңдағылар рахмет айтты ма, тек сені пайдаланған өтрік достарың көп қой», – деп жазды желі қолданушылары.