21.10.2026, 21:17
AR trend

«Үйленгені рас па?»: Димаш Құдайберген тікелей эфирде құпиясын ашуға уәде берді

Димаштың жұмбақ мәлімдемесі жанкүйерлерін елең еткізді

«Үйленгені рас па?»: Димаш Құдайберген тікелей эфирде құпиясын ашуға уәде берді
Фото: Dimashnews

Әлемге танымал әнші әрі композитор Димаш Құдайберген бүгін, 21 қазанда, TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шығып, жанкүйерлерімен тілдеседі. Өнер иесі көпшілікті таңғалдыруы мүмкін жаңалығын жариялауға уәде берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әнші Instagram парақшасында тыңдармандарын елең еткізген хабарлама жариялаған. Белгілі болғандай, ол бұған дейін TikTok-та тікелей эфир өткізген. Алайда бұл туралы білмеген көптеген жанкүйері эфирге қосылып үлгермеген.

«Сіздерге бәрін таңғалдыратын мега жаңалығым бар. Не айтқалы жатқанымды тіпті елестете де алмайсыздар! Сеніңіздер, мұндайды күтпегендеріңіз анық! Эфирді жіберіп алмаңыздар, оны міндетті түрде есте сақтайсыздар», – деп жазды әнші.

Димаш Құдайбергеннің TikTok желісіндегі тікелей эфирі Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.

«Бізге қандай керемет сыйлықтар! Кеше тікелей эфир өте күшті болды, енді тағы жаңалық па? Уау, Ди, асыға күтеміз», «Біз сондай бақыттымыз! Бізге не айтпақсыз? Күтуге шыдай алмай барамын! Жоқ, өтінемін, қазір айта салыңызшы!», «Ойпырмай! Үйленіп алды ма?!» – деп жазды әншінің тыңдармандары.