Сүйіктісін ұмыту үшін Дубайға ұшып кеткен: Дариға Бадықова Олжас Абайдың қалай ұсыныс жасағанын айтты

Автор: Алмас Ерсін

Актриса сүйіктісімен бірнеше рет айырылысуға тырысқанын, бірақ Олжастың «Сені қатты сағындым» деген хабарламасынан кейін Дубайдан кері оралғанын айтты

Фото: Instagram/dariga_badykova

Актриса Дариға Бадықова актер Олжас Абаймен қарым-қатынасының қалай басталғанын және оның өзіне қалай тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағанын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өнер иесінің айтуынша, қарым-қатынастарының алғашқы кезеңінде екеуі жиі ұрысып қалатын. Бұған мінездерінің күрделі болуы және бір-біріне жол бергісі келмеуі себеп болған.

«Біз бір-бірімізге бір көргеннен ғашық болған жоқпыз. Жай ғана бірге жұмыс істеп, түсірілімдерге қатыстық. Күн сайын ұрысатынбыз. Ол өз дегенінен қайтпайтын, мен де қайтпайтынмын», – деді Дариға Бадықова.

Уақыт өте келе екеуінің қарым-қатынасы өзгергенімен, олар талай қиындықты бастан өткерген. Актриса бірнеше рет айырылысуға тырысқандарын да жасырмады. Әр ұрыстан кейін Олжас Абай татуласу үшін оған гүл мен әшекей бұйымдар сыйлап отырған.

Бадықованың айтуынша, бірде олар қарым-қатынасты біржола тоқтатуға шешім қабылдаған. Өйткені екеуі де некеге тұрумен байланысты жауапкершіліктен қорыққан.

Бір кезеңде ғашықтар екі қалада жүрген. Дариға сүйіктісін ұмытуға үміттеніп, Балиден Дубайға ұшып кеткен.

Дубайдан қайтар алдында актриса Олжас Абайдан хабарлама алады. Алдымен актер оның жағдайын сұрап, қашан оралатынын білген. Дариға жауап бермегенімен, екі сағаттан кейін Олжас қайта жазған.

«Сені қатты сағындым», – деп жазған Олжас Абай.

Актриса дәл осы сөздерді күтетінін мойындады.

«Мен билет сатып алып, кері ұшып келдім. Келген күні ол маған осы сырғаларды сыйлап, “Үйленейік” деді», – деп әңгімеледі Дариға Бадықова.

Еске салайық, Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың дүркіретіп той жасады.