Иманғали Тасмағамбетовтің Алматыдағы дүбірлі тойда тілек айтқан сәті таралды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Саясаткер Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновтың 75 жасына арналған мерейтойға барған

Фото: скриншот

Өткен демалыс күндері Алматыда Халық әртісі Досхан Жолжақсынов 75 жасқа толған мерейтойын дүркіретіп тойлаған. Шығармашылық ортадан бөоек, актерді елге танымал саясаткерлер де құттықтап барған екен, деп жазады Azattyq Rýhy.

Мәселен, әлеуметтік желіде қазақстандықтарға танымал саясаткер, Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі, соңғы рет Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы болған Иманғали Тасмағамбетовтің видеосы тарады.

Ол Досхан Жолжақсыновтың тойында арнайы тілегін айтып, тойға келген халыққа алғыс білдірген.

«Қайырлы кеш, тойға келген аса қадірлі ағайын. Жаратқан иеміз өзінің пендесіне талантты, дарынды тек қарызға береді деген нақыл бар. Ол қарыз адам тынбай еңбек етіп, талантының бар қырын ашып, еліне халқына, аянбай еңбек еткенде өтеледі. Бүгін, міне, Алланың алдында да, адамның алдында да сол қарызын толықтай өтеген, өзінің атын ғана емес, қазақтың затын да өнерімен биікке көтерген ерекше тұлғаның тойы. Халықтың Досханының, қазақтың Досханының мәртебелі тойы. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге Жолжақсыновтардың атынан басымды иіп алғыс айтамыз», - деген Тасмағамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, Досқан  Жолжақсынов 1951 жылы 7 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында туған. Қазақстанныі Халық әртісі.