Синди Кроуфордтың 27 жастағы ұлы қайтыс болды

Автор: Алмас Ерсін

Гербер Dolce & Gabbana, Calvin Klein және басқа да танымал сән брендтерімен жұмыс істеген

Фото: Stefanie Keenan / Getty Images

Супермодель Синди Кроуфордтың ұлы, модель Пресли Гербер 27 жасында қайтыс болды. Оның қазасын отбасы өкілі растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Лос-Анджелес округінің сот-медициналық қызметінің мәліметінше, Гербер оңалту орталығында қайтыс болған. Өлімінің нақты себебі әзірге анықталған жоқ. Отбасы осы ауыр кезеңде жеке өміріне құрметпен қарауды сұрады.

Пресли анасы мен сіңлісі Кайя Гербердің жолын қуып, модельдік мансапты таңдаған. Ол 16 жасында италиялық Moschino брендінің сән көрсетілімінде алғаш рет подиумға шыққан. Кейін Гербер Burberry, Dolce & Gabbana, Bottega Veneta, Calvin Klein және басқа да танымал брендтермен жұмыс істеген.

Оның әкесі Рэнди Гербер – кәсіпкер әрі актер Джордж Клунимен бірге негізін қалаған Casamigos текила брендінің тең құрылтайшысы.

Соңғы жылдары Пресли есірткіге тәуелділікпен күресі және психикалық денсаулығына қатысты мәселелері туралы ашық айтып жүрген. Сондай-ақ ол әлеуметтік желіде психологиялық қиындықтарды ашық талқылауға арналған Mental Health Mondays жобасын іске қосқан.