Актер түрмеге кетіп бара жатып жазған соңғы сөзінде балаларына қатысты жазба жариялады
Атышулы актер, шоумен Нұрсұлтан Жақсыген түрмеге кетіп бара жатып, әлеуметтік желідегі парақшасына соңғы сөзін жазып үлгерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Актер түрмеге кетіп бара жатып жазған соңғы сөзінде балаларына қатысты жазба жариялады.
«Бәрі уақытша балапандарым. Алла қаласа күшті болып ораламын! Жақсы көремін сендерді… Бұл да өткінші нәрсе, дұғаларыңызға ризамын. Иншалла бәрі жақсы болады. Алла осылай қаласа, бір хайыр бар», – дейді түрмеге қамалған актер.
Айта кетейік, осыған дейін экс-әйелі Фариза Алмазқызының қыр-соңынан қалмай, тыныштық бермеген Нұрсұлтан Жақсыген сот үкімімен 2,3 жылға сотталған. Сот үкімінен кейін шоуменнің экс-жұбайы қолдау көрсеткен қазақ халқына алғыс айтты.