Бүгін, 14:59
AR trend

ШҚО-да 70 жастағы әжей қошқарды мойнына көтеріп, 40 мәрте отырып-тұрды

ШҚО-да өткен фестивальге екі мыңнан астам адам қатысты

Шығыс Қазақстан облысында өткен Nomad Álemi заманауи көшпенділер фестивалінде 70 жастағы әжей жұртты таң қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Қасым Қайсенов ауылындағы спорт алаңында жиналған жұрт 30 келілік қошқар пішінді макетпен отырып-тұрып жарысты. Салмағының ауырлығына болғанына қарамастан, әжей бұл сынды 40 рет орындап, маңайындағы жұртты таң қалдырды.

Ер адамдар да керемет нәтиже көрсетті: олардың бірі 1070 рет, ал екіншісі 1010 рет отырып-тұру жаттығуын орындады.

Жалпы фестивальдің спорттық бағдарламасына екі мыңнан астам адам қатысты. Қатысушылар арқан тарту, дәстүрлі садақ ату, белбеу күресі, асық ату, ләңгі тебу және қошқар пішінді макетті көтеру бойынша сынға түсті.