Олардың қандай жағдайға тап болғаны белгілі болды
Қазақстандық танымал тревел-блогер Дастан Мұхамедрахим (Bydastann лақап атымен танымал) АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлымен бірге Моңғолия тауларында адасып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осыған дейін блогер Трамптың ұлымен бірге кездескен сәтін видеоға түсіріп, оған шапан мен тымақ сыйлағанын айтқан еді.
Жаңа видеода Дастан екеуінің бірге қандай жағдайға тап болғанын айтып берді.
«Голливудта болмаған нәрсе ғой, бірақ шын өмірде болып жатыр. Трамптың баласымен бірге тауда адасып, өзеннен өте алмай, таудан аса алмай, кино болып жатырмыз», – дейді блогер.
Айта кетейік, жуырда блогер Дастан Мұхамедрахим мен футболшы Дастан Сәтбаев Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанғаны хабарланған.