Ол АҚШ-та тұрып жатқанына бір жарым жыл болғанын айтты
Қазақстандық танымал актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кеткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айтуынша, режиссер әрі продюсер ретінде жаңа, қарқынды өзгеріп жатқан кино әлемінде өз жолын іздеудің маңызды кезеңін бастан өткерді.
«Қазір мен АҚШ-та тұрып жатқаныма бір жарым жыл болды. Осы уақыт ішінде жергілікті заманауи киноиндустрияның жұмысымен етене танысып келемін. Осы аралықта оқырмандарға бөлісуге тұрарлық көптеген тәжірибе мен ой жинақталды. Кино әлемі қазір өте қарқынды өзгеріп жатыр әрі бұл өзгерістердің бәрі ерекше қызықты», – дейді Нұртас Адамбай.