Әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері қазақстандық әншіге жылы лебізін жаудырып, ұзақ ғұмыр мен шығармашылық табыс тіледі
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 32 жасқа толды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мереке құрметіне әнші Instagram парақшасында әртүрлі торттармен түскен екі видеоны жариялады. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері пікірлерде Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтап жатыр.
«Туған күніңмен! Сен – қазақ халқының жарық жұлдызысың. Әнің әлемді әлдилей берсін, бақытты бол!»
«Қымбатты Димаш, бақытты да ұзақ ғұмыр кеш! Туған күнің құтты болсын! Алла сені тіл-көзден сақтасын.»
«Димаш, 100 жасқа дейін жаса! Әніңмен әлемді бағындыра бер!»
«Туған күніңмен, алтын бала! Бүгін менің де туған күнім. Өмірің ұзақ әрі бақытты болсын!»
«Туған күніңмен, Димаш! Саған бар жақсылықты тілеймін. Жақындарыңа денсаулық пен бақыт берсін!»
«Туған күніңмен, сүйікті әртісіміз! Біздің ханзадамыз! Туған күніңмен, Димаш!» - деп жылы лебіздерін білдірді әншінің тыңдармандары.