«Жан дүниемді ешкім білмейді»: Жұлдыз Әбдікәрімова мұңды жазба жариялады

Автор: Алмас Ерсін

Актриса Instagram парақшасында жан дүниесіне қатысты сырымен бөлісті

Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі оқырмандарымен мұңды ойымен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол жазбасын Instagram парақшасында жариялаған.

«Адамдардың бәрі сенің сыртқы бейнеңді көреді. Бірақ жан дүниеңде не болып жатқанын білетіндер өте аз…» – деп жазды актриса.

Пікір қалдырған желі қолданушылары Әбдікәрімованың сұлулығы мен мінезіне тәнті болғандарын жазған.

– Сен кереметсің, мықтысың! Өмірде талай сынақтан өттің. Оның бәрі жадыңда мәңгі қалады. Бірақ сен темірдей қайсар жансың. Сендегі ішкі мықтылық кез келген ер адамның бойынан табыла бермейді. Сондықтан да сені кейде суық, аз күледі деп жатады. Сенің жүрген жолыңды жүріп көрсін. Бұл – сенің тағдырың. Бірақ сен өмірде бақытты жансың. Тек жүрегіңе сен.

– Өте әдемісің!

– Керемет!

– Артиге қатты ұқсайды екенсің!

– Біздің ғажап Жұлдыз, керемет сұлу, сүйіктіміз!