Роза Рымбаева Астанада мерейтойлық концерт өткізеді

Автор: Алмас Ерсін

Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің елордадағы концертін көптен күткенін жазды

Фото: instagram/rozarymbaeva

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Астанада мерейтойлық концерт өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында мәлімдеді.

Шығармашылық жолының 50 жылдығына арналған мерейтойлық кеш 27 мамыр күні елордада өтеді. Өнер иесі жарияланымында тыңдармандарына қысқа ғана үндеу жолдаған.

«Астана! Кездескенше!» – деп жазды ол.

Алдағы концерт туралы жаңалық әншінің жанкүйерлері арасында қызу талқыланды. Әлеуметтік желі қолданушылары Роза Рымбаева-ның елордада өнер көрсетуін көптен күткендерін айтып, билет алуға дайындалып жатқанын жазды.

«Даусы жылдар өтсе де өзгермейді», «Роза – ұлттың дауысы», «Бұл тарихи концерт болады», «Біздің аңыз», «Билет алып үлгеру керек» деп пікір қалдырды желі қолданушылары.