«Өз өміріңмен өмір сүру – бақыт»: Ерке Есмахан Ыстанбұлдағы демалысын көрсетті

Автор: Алмас Ерсін

Сондай-ақ әнші жолдасымен бірге түсірілген видеоны жариялады

Фото: instagram.com/erke_esmahan

Ерке Есмахан мен RaiM сахналық есімімен танымал Райымбек Бақтыгереев Стамбұлға жол тартты. Бұл туралы әнші әлеуметтік желіде хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өнер иесінің айтуынша, олар қалаға демалу үшін келген. Ерке жолдасымен уақытты асықпай, тыныш өткізетінін айтты: теңіз жағасында серуендейді, спаға барады, кітап оқиды және сериал көреді.

«Ыстанбұлда не істеп жүрміз? Ештеңе. Шынымен ештеңе істемейміз. Тек демалып жүрміз. Кейде күйеуім ән жазады. Біз ешқайда асықпаймыз, ешкіммен сөзге келмейміз, ешкімге кедергі келтірмейміз. Өз өміріңмен өмір сүру – бақыт. Аллаға шүкір», – деп бөлісті Ерке.

Сондай-ақ әнші жолдасымен бірге түсірілген видеоны жариялады. Кадрларда олар теңіз бен өтіп жатқан паромдардың аясында «Кел, жаным» әнін орындайды.

Еркенің айтуынша, бұл композиция «МузАрт» тобының репертуарынан алынған. Бастапқыда оны ұжымның 25 жылдығына арналған концертке дайындаған, алайда қазір ән тыңдарманға қолжетімді. Әнші жаңа орындау нұсқасы ұнады ма деген сұрақты да оқырмандарына жолдады.