Желі қолданушылары өнерпаздарды құттықтап жатыр
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода әнші Әбдіжаппар Әлқожа өзіне ерекше сый берілгенін айтты. Ол бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айтуынша, бағалы сый – тұлпарды оған Мейрамбек Бесбаев тарту еткен.
Желі қолданушылары бұл жаңалықты жылы қабылдап, екі өнер иесіне де ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.