Ол жақында көпшілік білмейтін шындықтың бетін ашуға бекініп отыр
Продюсер Баян Алагөзова мен әнші Мөлдір Әуебекованың арасында тағы да дау туды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Продюсер «КешYou» тобының 20 жылдық концертіне барудан бас тартқан әншіні «сатқын» деп атады.
«Саған сіңірген еңбегіме түкіріп кетуге енді жол бермеймін. Мені оның атын ақтап жүрсем, ол концертке қатыспайтын болыпты. «КешYou-20 жыл» фильмінің үшінші бөлімін көріңіздер. Оның неге сатқын екенін айтатын уақыт келді», - деп жазды Баян Алагөзова.
Таяуда Баян Алагөзова «КешYou» тобының тарихы туралы фильмдер желісін жариялай бастады. Онда продюсер топтың ең алғашқы мүшесінің бірі – Мөлдір Әуелбекованың түр-әлпеті туралы жағымсыз сөздер айтқан. Желі қолданушылары «әншінің 20 жылдық концертке барудан бас тартуының себебі осында шығар» деген болжам жасап жатыр. Сондай-ақ продюсер Әуелбекованың ұжымнан жанжалмен кеткенін тілге тиек еткен.
Еске салсақ, «КешYou-дің» 10 жыл бұрынғы концертіне де Мөлдір Әуелбекова қатыспаған еді.