Әнші Төреғали Төреәлі жетінші баланың әкесі атанды

Автор: Асыл Арман

Сүйінші хабарды әншінің продюсері жариялады

Фото: Instagram/impresario.tv

Қазақстандық белгілі әнші Төреғали Төреәлі жетінші баланың әкесі атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сүйінші хабарды әншінің продюсері Жанат Мұқанов Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.

«Құрметті қазақ елі! Бүгін қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді. Төреғали Төреәлі отбасында қыз бала дүниеге келді! Сүйінші! 7 сәуір күні кешкі сағат жетіде жетінші перзент дүниеге келді. Бұл – жетінші қыз бала. Киелі жетілік! Шын жүректен құттықтаймын!

Алла тағала сәбиге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, жарқын болашақ нәсіп етсін. Әке-шешесіне қуаныш, береке, бақыт әкелсін. Осындай ақжолтай сәттер қазақ еліне көбейе берсін! Құтты болсын!

P.S. сәбидің есімі әлі қойылған жоқ. Құрметті ағайын, қандай есім лайық деп ойлайсыздар? Пікірге ұсыныстарыңызды жазыңыздар, бәлкім, дәл сіз ұсынған ат бұйырар», – деп жазды продюсер.

Айта кетейік, осыған дейін Төреғали Төреәлі мен жары Толқын Мырзақымова отбасындағы тағы бір қуанышты сәтке дайындалып жатқаны хабарланған.