Кейбір желі қолданушылары мұндай қадамды орынсыз мақтаншақтық деп бағалады
Танымал әншілер Жанболат пен Жазира ұлдарының үйлену тойын кең көлемде атап өтті. Кештің ең көп талқыланған сәттерінің бірі – қонақтар арасында автокөлік ойнатылуы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде тараған видеолардан той барысында жас жұбайлар қонақтар үшін арнайы ойын ұйымдастырғанын көруге болады. Қатысушылар барабаннан түрлі түсті шарларды таңдап, сол арқылы жеңімпаз анықталған.
Басты сыйлық – автокөлік болды. Нәтижесінде бұл сыйлық күйеу жігіттің жақын досына бұйырып, ол бағалы жүлденің иегері атанды.
Пікірлерде «нағыз қазақы жомарттық», «той жоғары деңгейде өтті», «қонақтарды қуантқан керемет кеш болды» деген жылы лебіздер жазылған.
Сонымен қатар кейбір қолданушылар мұндай әрекетті артық мақтаншақтық деп бағалаған.