«Алла адамға сынақ қана емес, сыйлық та береді»: Құрбысы көлік сыйлаған Мөлдір Мұқанова жылап қалды (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Продюсер күтпеген сыйлық алды

Фото: видеодан скрин

Қазақстанға танымал продюсер, кейінгі кезде орындаушылық өнерімен де көзге түсіп жүрген Мөлдір Мұқановаға құрбысы көлік сыйлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алла адамға айтпай сынақ ғана бермейді, айтпай сыйлық та береді. Ниетің қандай түзу болса - жолыңа да тілектес, ниеттес адамдар жолығады. Екі аяғыма шүкір деп жаяу жүргенімде Айгүл төрт аяқты тұлпар сыйлап таңғалдырды. Көркің де, көлігің де, өмірің де тозбасын деп тілек білдірген досыма үлкен рақмет! Қазақ бай болсын, бір-біріне сай болсын! Дөңгеленген дүниеде көліктеріңнің дөңгелегі айнала берсін құрбым!» - деп ағынан жарылды продюсер.

Видеодан салтанатты жиында күтпеген сый алған Мөлдірдің қуаныштың көз жасына ерік бергенін аңғаруға болады.