Әзілкеш оқырмандарына сәлем жолдап, денсаулықты бағалауға шақырған
Шоумен, тележүргізуші әрі актер Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп қалды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Оның нақты қандай диагнозбен ауруханаға түскені белгісіз, дегенмен, ол оқырмандарына сәлем жолдап, жағдайы жақсарғанын айтқан.
«Қолдауларыңызға рақмет. Бәрі жақсы болады. Денсаулық – ең үлкен байлық. Ең қымбат сыйлық, ең басты капитал. Бірақ, біз кейде оны ұмытып кетеміз. Көңіл күймен жүр. Саяхатта, арманда. Өмір бір рет беріледі. Оны ренішпен емес, ризашылықпен өткіз», - деп жазған Қоянбаев.
Айта кетейік, әзілкештің нақты қай ауруханада, қандай диагнозбен жатқаны белгісіз.