Режиссер Ақан Сатаев алтыншы баланың әкесі атанды

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол қызына Айя-Сафия деп ат қойған

Фото: https://www.instagram.com/p/DT1tGqQCAGm/

Режиссер Ақан Сатаев пен актриса Альмира Тұрсын сәбилі болды. Бұл жайлы режиссердің өзі әлеуметік желідегі парақшасына жазып, оқырмандарынан сүйінші сұраған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алла Тағаланың қалауымен, қызым дүниеге келді. Айя-Сафия, қош келдің, бақытты бол», - деп жазды ол.

Еске салсақ, актриса, Ақан Сатаевтың экс-әйелі Назира Бакаева Qysqa Söz подкастында ажырасуына қатысты мәлімдеме жасап, қоғамның қолдауына ие болды. Ал көпшілік Ақан Сатаев пен оның екінші әйелі Альмира Тұрсынға сын айтты. Режиссердің өзі экс-әйелінің жағдайын жасағанын айтып, жазба да жариялаған еді.