Продюсер Бағым Мухитденовамен бейнебаянға түскен әнші жігіт Ақбота-Нұрды «жақсы көретінін» айтты

Автор: Темірхан Айжан

Желі қолданушылары бақыт тілеп жатыр 

Фото: @bagdat_seit

Әлеуметтік желілерде актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбеттің жас әншімен бірге түскен суреттері қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде тараған мәліметке сәйкес, соңғы уақытта танымалдығы артып келе жатқан әнші Бағдат Сейт актрисамен романтикалық сипаттағы фотоларын жариялап, «Жақсы көрем» деп жазба қалдырған. Кадрларда актрисаның беті анық көрінбегенімен, желі қолданушылары Ақбота-Нұрды аяғындағы қалынан танығанын жазып жатыр.

Пікір қалдырушылар арасында «Аяғындағы қалынан таныдым», «Осы жолы бақытты болшы», «Клип түсіретін шығар» деген пікірлер жиі кездеседі.