«Толқып кеттім»: Мөлдір Мұқанованың балалары анасына қымбат тосынсый жасады (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Олар сыйлықты бірігіп берген

Фото: instagram.com/moldir.mt

Продюсер Мөлдір Мұқанованың балалары анасына тосынсый жасап, жылатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мөлдір Мұқанованың балалары жады 2 ТБ соңғы модельдегі iPhone 17 телефонын сыйлап, тосынсый жасаған.

Актрисаның өзі сыйлықты көрген сәтте толқып, көзіне жас алады.

«Айтарға сөзім жоқ, толқып кеттім», - деп жазған ол.

Оның оқырманы да балаларына жақсы тәрбие бергенін айтып, тілектерін жазған.

«Қандай керемет қыздар. Қыздарыңыз қандай тәрбиелі, өте сыпайы. Сіздерді қатты жақсы көретіні көрініп тұр. Өз жалақыларын анасына сыйлыққа жұмсау үлкен жүректің белгісі. Жарайсыңдар, қыздар. Анаңыз сіздермен мақтанатын болады», - деп жазған олар.