Пікір жазғандар бұл әрекеттік сөккен
Блогер Ақбота Нұрахын туған күніне келген қонақтарға гауһар таспен көмкерілген жүзік таратқан. Алайда, оның бұл әрекеті сынға қалды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Блогердің туған күніне арналған кешке танымал блогерлер жиналған. Тойын дүркіретіп өткізген ол кешке жиналған барлық қызға гауһары бар жүзік таратқан.
Пікір жазғандар бұл әрекетті ысырапшылдыққа балап, блогерлердің табысын тексеру керек екенін жазған.
«Осынша адамға гауһар беру үшін қанша ақша керек? Қарапайым бизнесті тексергенше, осыларды неге тексермейді? Не деген батпан құйрық?», - деп жазған олар.