Олар Израиль үшін бас тартып жатыр
Исландияның RUV ұлттық телеарнасы елдің 2026 жылы Австрияның Вена қаласында өтетін «Евровидение» халықаралық ән байқауына қатыспайтынын ресми түрде мәлімдеді. Байқау келесі жылдың мамайына жоспарланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл шешім телеарна басшылығының отырысынан кейін қабылданған.
Айта кетейік, Исландия, Испания, Нидерланд, Словения және Ирландиядан кейін байқаудан бас тартқан бесінші ел. Бұл елдер Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) Израильге қатысуға рұқсат беруіне наразы болған. Израильдің қатысуы қоғамда да, кейбір мүше елдер ішінде де қарсылық тудырды.
«Евровидение 2026» байқауына қатысатын елдердің толық тізімі Рождестводан бұрын — 25 желтоқсанда жариялануы тиіс.