Америкалық әйел күйеуінің көңілдесінен «отбасын бұзғаны үшін» 1,75 млн доллар өтемақы өндіріп алды

Автор: Темірхан Айжан

Екі келіншек құрбы болған 

Фото: nbcnews.com

Солтүстік Каролинада соты атақты блогер Бреней Кеннардты менеджерінің бұрынғы әйелі Акира Монтегюге 1,75 миллион доллар өтемақы төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy шетелдік басылымдарға сілтеме жасап.

Арыз штаттағы «ерлі-зайыптылардың арасын суытуға себеп болу» туралы заңға сәйкес қаралған.

Іске сәйкес, екі әйел құрбы болып араласқан. Акира Бренейге досым деп сеніп, отбасылық мәселелерін айтып жүрген. Бірақ блогер оның күйеуінің көңілін табу үшін сол құпия әңгімелерді өз мүддесіне пайдаланған.

Сот материалдарында Бреней Кеннардтың үйленген ер адамға қылмыңдау, флирт жасау, интимдік хабарламалар жіберу және онымен бірге сапарларға шығу сияқты әрекеттерге барғаны көрсетілген. Сондай-ақ олардың видео және мәтін түріндегі жеке хат алмасулары дәлел ретінде ұсынылды.

Акира Монтегю 2024 жылдың қаңтарында үйінен бейнежазба тауып алып, күйеуінің блогермен жақын байланысын білген. Жұбайының соңғы айларда өзіне сезімі суып, ақшасын жасыра бастағанын байқаған. Сот Кеннардты айыпты деп танып, 1,5 млн доллар төлеуге міндеттеді.

Бреней Кеннард сот шешімімен келіспейтінін айтып, Акира Монтегю олардың байланысына өзі рұқсат берген деген уәж айтты. Алайда талапкер бұл мәлімдемені жоққа шығарады.