Қытай мен АҚШ халықаралық экологиялық конференцияға келмейді
БҰҰ-ның жыл сайынғы COP30 климаттық конференциясы Бразилияның Белен қаласында өтеді. Тура 10 жыл бұрын әлемнің 200 елі жердің қызуын өнеркәсіпке дейінгі деңгеймен салыстырғанда 1,5°C шегінде ұстап тұруға уағдаласып, Париж келісіміне қол қойған еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.
Алайда ғалымдар бұл мақсатқа жету екіталай екенін мойындап отыр. БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш те «планетаның 1,5°C шегінен сөзсіз асады» деп мәлімдеді.
Конференция алдындағы көшбасшылар саммитіне Ұлыбританияның премьер-министрі Кир Стармер, Франция президенті Эммануэль Макрон, Бразилияның президенті Луис Инасиу Лула да Силва, БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш және Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен қатысты.
Қытай президенті Си Цзиньпин мен АҚШ президенті Дональд Трамп саммитке қатысқан жоқ. Ақ үй жоғары лауазымды шенеуніктерін де жібермейтінін хабарлады.
Бұл жағдай сарапшылардың алаңдаушылығын арттырды. Себебі АҚШ пен Қытай сияқты экономикасы қуатты елдер қатыспайынша, жаһандық келісімдер нақты нәтиже бере қоймайды, дейді мамандар.
БҰҰ дерегінше, соңғы он жылда климаттың өзгеруінен туындаған табиғи апаттар салдарынан 250 миллион адам босып кеткен.
Су тасқыны, құрғақшылық, аптап ыстық пен дауыл себебінен көші-қон артып, қатығыстар туындап, азық-түлік тапшылығы күшейтіп отыр. Ал теңіз деңгейінің көтерілуі мен шөлейттену сияқты баяу жүретін табиғат апаттары су мен азық жетіспеушілік қаупін төндіруде.
БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының (UNEP) жаңа есебінде ғасыр соңына қарай жаһандық температура 2,3-2,5°C-қа дейін көтерілуі мүмкін деп көрсетілген.
Бразилия саммитте бірнеше басты бағытты талқылауды ұсынды;
Көп сарапшы COP30-дан айтарлықтай серпіліс күтпейді. Себебі АҚШ президенті Дональд Трамп климаттың өзгеруіне қатысты ғылыми тұжырымдарды жоққа шығарып, оны «әлемдегі ең үлкен алаяқтық» деп атаған еді. Ол мұнай мен газ өндірісін арттыруды, Париж келісімінен шығуды және алдыңғы экологиялық саясатты жоюды көздеп отыр. Соның салдарынан халықаралық келіссөздер тежелді.